
ЕАДБ болжамы бойынша, 2030 жылға қарай өңірде электр энергиясын тұтыну 40%-ға өседі, ал 2035 жылға қарай кемінде 62,8 ГВт жаңа қуаттарды енгізу қажет болады. Бұл ретте қолданыстағы желілер мен электр станцияларының жартысынан астамы тозған және жаңғыртуды қажет етеді.
Банк сарапшылары екі экстремалды тәсіл – консервативті және «жасыл максимализм» – үлкен тәуекелге ұшырайды деп санайды. Біріншісі жоғары көміртегі ізін және технологиялық артта қалуды бекітеді, екіншісі энергиямен жабдықтау сенімділігінің төмендеуіне және тарифтердің өсуіне қауіп төндіреді.
«Орта жол» жаңартылатын энергетиканы бір мезгілде дамытуды, дәстүрлі электр станцияларын жаңғыртуды, энергия жинақтағыштарды енгізуді және желілерді цифрландыруды көздейді. ЕАДБ есептеулеріне сәйкес, мұндай сценарий «жасыл максимализмге» қарағанда 30-45%-ға арзан және консервативті тәсілмен салыстырғанда көміртегі ізін бес есе азайтады.
ЕАДБ бас экономисі Евгений Винокуров өңірде барлық қажетті ресурстар: Қазақстанның оңтүстігіндегі және Өзбекстандағы күн аймақтары, Қырғызстан мен Тәжікстанның гидроресурстары, Батыс Қазақстанның жел әлеуеті, сондай-ақ газ және уран қорлары бар екенін атап өтті.
Стратегияны іске асыру үшін банк бес негізгі бағытты атап өтті: электр станциялары мен желілерін жаңғырту, энергожүйенің маневрлігін арттыру, тарифтік реформалар, ЖЭК энергожүйеге интеграциялау және Орталық Азия елдерінің энергожүйелерінің өңірлік бірлестігі.
https://qazaqgreen.com/kz/news/kazakhstan/3450/
