Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды

Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды

 

QAZAQ GREEN. RES-2026 өңірлік экологиялық саммиті Астанада 22-24 сәуір аралығында өтеді. Іскерлік бағдарламаның түйінді іс-шаралардың бірі Азия даму банкі Қазақстан Энергетика министрлігімен және Qazaq Green ЖЭК қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастыратын «Орталық Азияның тұрақты энергетикалық болашағын қамтамасыз ету: таза энергия және инновациялар» сессиясы болады.

Сессия 23 сәуірде Конгресс орталығында («Бурабай» залы) өтеді және екі тақырыптық блокқа бөлінеді. Біріншісі таза энергетиканы дамытуға, инновациялық шешімдерді енгізуге, энергия жинақтау жүйелеріне және өңірлік ынтымақтастықты кеңейтуге арналады. Екіншісі еңбек ресурстарын дамыту, әлеуметтік диалог және қаржыландыру тетіктерін қоса алғанда, әділ энергетикалық көшу мәселелеріне бағытталады.

Спикерлер қатарында Қазақстанның энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, АДБ энергетикалық көшу жөніндегі директоры Прадип Тхаракан, Qazaq Green ЖЭК қауымдастығының басқарма төрайымы Айнұр Соспанова, EDF Electricite de France төрағасы Бернар Фонтана, сондай-ақ АДБ, БҰҰ ЕЭК, KEGOC және бірнеше халықаралық ұйымдардың өкілдері бар. Бірінші сессияны «Kazenergy» қауымдастығының бас директоры Жандос Нұрмағанбетов жүргізеді.

Екінші сессия энергетикалық көшудің әлеуметтік аспектілеріне — жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға, жергілікті қоғамдастықтармен өзара іс-әрекеттерге және әлеуметтік түрлендіруге арналған инвестицияларды жұмылдыруға шоғырландырылады. Талқылауға Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Салли Эксворти; Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек; «Kazenergy» қауымдастығының атқарушы директоры Ләззат Ахмурзина; БҰҰ ЕЭК  климаттық қаржыландыру жөніндегі жетекші сарапшысы Максим Титов сондай ақ Кембридж университетінің Carbon Economics басқарушы директоры және ғылыми қызметкері Илкка Ханнула қатысады.

https://qazaqgreen.com/kz/news/kazakhstan/3528/

Scroll to Top