Қырғызстанда екі ГЭС үшін ТЭН әзірлеу басталды

Қырғызстанда екі ГЭС үшін ТЭН әзірлеу басталды

QAZAQ GREEN.  Қырғыз Республикасының Энергетика министрлігі Төменгі Тара гидроэлектр станциясы құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеуге және Быстровская ГЭС қайта жаңартуға кірісті. Жобалар KRED бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда және электр энергиясының тапшылығын төмендетуге және елдің гидроэнергетикалық әлеуетін дамытуға бағытталған.

2025 жылдың желтоқсанында Энергетика министрлігі QingYuan Engineering Consultants Ltd. компаниясымен консультациялық қызметтер көрсетуге келісімшартқа қол қойды, ол екі объект бойынша ТЭН дайындаумен айналысады.

2026 жылғы қаңтарда «Чакан ГЭС» ААҚ мамандары консультанттармен бірлесіп болашақ құрылыс және қайта құру алаңдарына көшпелі зерттеулер жүргізді. Жұмыс барысында табиғи, инженерлік-геологиялық және гидрологиялық жағдайлар, жер бедерінің ерекшеліктері, сондай-ақ учаскелердің ағымдағы жағдайы зерделенді. Жиналған деректер жобалық шешімдерінің техникалық және экономикалық параметрлерін бағалау үшін пайдаланылады.

Жобалар Қырғыз Республикасына 10 жылдық жеңілдік кезеңін қоса алғанда, 50 жыл мерзімге 43,2 млн АҚШ доллары көлемінде пайызсыз несие берген Дүниежүзілік банктің қолдауымен іске асырылуда.

https://qazaqgreen.com/kz/news/central-asia/3356/

Scroll to Top