
Қазақстанда тамыздан бастап электр жеткізу желісі мен жел стансаларын жобалау ережелері өзгереді
QAZAQ GREEN. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарлар дүниесі, орман және аңшылық шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Құжаттың негізгі жаңалықтарының бірі — энергетикалық жобаларды іске асыру кезінде құстарды және биоәртүрлілікті қорғауға қатысты қатаң нормаларды енгізу болды.
