
Қазақстанда 2027 жылы 570 МВт жаңартылатын энергия қуаты іске қосылады
QAZAQ GREEN. Қазақстанда 2027 жылы жалпы қуаты 570 МВт болатын жаңартылатын энергия көздері нысандарын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл жобалар ел бойынша іске қосылатын 845 МВт жаңа генерациялық қуаттың негізгі бөлігін құрайды, деп хабарлайды Энергетика министрлігі. Жоспарға сәйкес, Алматы облысында қуаты 100 МВт күн электр станциясы салынады. Қызылорда облысында жалпы
