24/7 ЖЭК: қазба отындарына қарағанда жылдамырақ, арзанырақ және сенімдірек – IRENA баяндамасы

24/7 ЖЭК: қазба отындарына қарағанда жылдамырақ, арзанырақ және сенімдірек – IRENA баяндамасы

QAZAQ GREEN. «Тұрақсыз» жаңартылатын энергия көздерінің дәуірі өткеннің еншісінде қалып барады. Халықаралық жаңартылатын энергия жөніндегі агенттігінің (IRENA) жаңа баяндамасына сәйкес, күн, жел және электр қуатын сақтауға негізделген гибридті жүйелер көмір мен газбен бәсекеге қабілетті бағамен тәулік бойы электр энергиясын қамтамасыз ете алады.

2010 және 2024 жылдар аралығында күн батареяларының құны 87%-ға, жел турбиналарының құны 55%-ға, ал энергия сақтау жүйелерінің құны 93%-ға түсті. Ресурстық әлеуеті мол өңірлерде тәулік бойы күн энергиясын өндіру құны қазірдің өзінде МВт/сағ үшін 54-82 долларды құрайды. Қытайда ең жақсы жобалар МВт/сағ үшін 30 долларға жетеді, бұл көмірмен жұмыс істейтін (70-85) және газбен жұмыс істейтін (100 доллардан астам) жаңа электр станцияларына қарағанда айтарлықтай төмен.

Бағалық артықшылықтарымен қоса, ЖЭК гибридті кешендері мерзімдері бойынша да ұтады:   жеткізу тізбегіндегі үзілістер жаңа газ турбиналарын күтуді 5-7 жылға дейін ұзартса, бұларды салу 1-2 жылға созылады.

Сарапшылардың айтуынша  ең тиімді конфигурация күн мен жел энергиясын өндірудің үйлесімі: мұндай синергия қымбат батареяларға деген қажеттілікті үштен бірге азайтады. 2035 жылға қарай «жасыл» тәулік бойы жұмыс істейтін энергияның құны тағы 40%-ға төмендейді деп болжануда.

https://qazaqgreen.com/kz/news/world/3572/

Scroll to Top