Қазақстан мен GGGI таза сутегі дамыту туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан мен GGGI таза сутегі дамыту туралы меморандумға қол қойды

QAZAQ GREEN.  Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Жаһандық жасыл өсу институты (Global Green Growth Institute, GGGI) H2G бастамасы шеңберінде таза сутегі мен жасыл өсуді ілгерілетуге бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Құжат 2030 жылға дейінгі тұрақты даму саласындағы БҰҰ күн тәртібінің және Париж климаттық келісімінің мақсаттарын ескере отырып, таза сутегі саласындағы ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Тараптар Қазақстанда пилоттық жобаларды іске асыру, технологиялық және ғылыми өзара іс-қимылды дамыту, сондай-ақ білім алмасу және институционалдық әлеуетті арттыру үшін күш біріктіруге уағдаласты.

Ынтымақтастықтың басым бағыттарының қатарында – таза сутегі негізінде жерүсті энергетикасы саласындағы жобаларды енгізуді қолдау, технологияларды беруге жәрдемдесу, сутегі энергетикасы бойынша ұлттық және халықаралық күн тәртібін қалыптастыруға қатысу, сондай-ақ нарықтарды дамыту және осы саладағы шешімдерді масштабтау.

Келісім сонымен қатар тараптар арасында тұрақты консультациялар мен ақпарат алмасуды көздейді, бұл ретте нақты жобалар мен қаржылық параметрлер жеке келісімдермен ресімделеді.

Меморандумға Сеулде 2025 жылғы 15 қазанда үш жыл мерзімге қол қойылды. Қазақстан тарапынан өзара іс-қимылды үйлестіруді Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры Жасұлан Қасенов жүзеге асырады.

https://qazaqgreen.com/kz/news/kazakhstan/3351/

Scroll to Top