2026 жылы Қазақстан 245 МВт қуатты ЖЭК нысандарын іске қосады

2026 жылы Қазақстан 245 МВт қуатты ЖЭК нысандарын іске қосады

QAZAQ GREEN.  2026 жылы Қазақстанның жаңартылатын энергетика портфелі жиынтық қуаты 245 МВт болатын бірқатар жаңа нысандармен толығады. Олардың қатарында екі жел, төрт күн электр станциясы және шағын ГЭС бар, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.Жаңа ЖЭК нысандары ағымдағы жылғы ауқымды энергетикалық жоспардың бір бөлігі болып табылады: 2026 жылы Қазақстанда дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздерінен жиынтығы 2,64 ГВт қуат пайдалануға берілуі жоспарлануда. Бұл жобаларды іске асыру 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай елдегі энергия тапшылығы мәселесін толық шешуге, ал 2029 жылға қарай электр энергиясының тұрақты профицитіне шығуға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында өткен жылы Қазақстан 3,7 млрд кВт·сағ электр энергиясын импорттағанын атап өтіп, жаңа қуаттарды іске қосу жұмысын күшейтуді тапсырды. 2026 жылы пайдалануға берілетін барлық энергия нысандары жылына жиынтығы шамамен 16 млрд кВт·сағ энергия өндіреді.

https://qazaqgreen.com/kz/news/kazakhstan/3379/

Scroll to Top