
2010 және 2024 жылдар аралығында күн батареяларының құны 87%-ға, жел турбиналарының құны 55%-ға, ал энергия сақтау жүйелерінің құны 93%-ға түсті. Ресурстық әлеуеті мол өңірлерде тәулік бойы күн энергиясын өндіру құны қазірдің өзінде МВт/сағ үшін 54-82 долларды құрайды. Қытайда ең жақсы жобалар МВт/сағ үшін 30 долларға жетеді, бұл көмірмен жұмыс істейтін (70-85) және газбен жұмыс істейтін (100 доллардан астам) жаңа электр станцияларына қарағанда айтарлықтай төмен.
Бағалық артықшылықтарымен қоса, ЖЭК гибридті кешендері мерзімдері бойынша да ұтады: жеткізу тізбегіндегі үзілістер жаңа газ турбиналарын күтуді 5-7 жылға дейін ұзартса, бұларды салу 1-2 жылға созылады.
Сарапшылардың айтуынша ең тиімді конфигурация күн мен жел энергиясын өндірудің үйлесімі: мұндай синергия қымбат батареяларға деген қажеттілікті үштен бірге азайтады. 2035 жылға қарай «жасыл» тәулік бойы жұмыс істейтін энергияның құны тағы 40%-ға төмендейді деп болжануда.
https://qazaqgreen.com/kz/news/world/3572/
